Бокс 05 Қазан, 2018 (0) (39)

Головкин: Қазақстанда кәсіпқой бокс жоқ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Алматыға келіп, еліміздегі кәсіпқой бокс туралы өз ойын айтты.

«Біз таңдап алған жігіттер менімен бірге АҚШ-та жаттығады. Оларға қолымнан келгенше білгенімді үйретіп, тәжірибеммен бөлісемін. Барынша қадағалауға тырысамын. 

Шынымды айтсам, Қазақстанда кәсіпқой бокс жоқ. Жас спортшылар кәсіпқой боксшы ретінде жетістікке жеткісе келсе чемпиондармен бірге еңбек ету керек. Солармен бірге шаршы алаңда жұдырықтасуы қажет. Бұл таптырмас тәжірибе. Қазақстанда кәсіпқой бокста жетістікке жету үшін ешқандай жағдай жасалмаған», - дейді Головкин.

Баспасөз-мәслихатында Головкин «GGG Promotions» компаниясына қандай боксшыларды алатынын атап өтті.

«Кәсіпқой бокс - денсаулық үшін өте қауіпті. Бір-екі жыл спортпен айналысып жүрген боксшыларды алмаймын. Себебі, мен промоушендегі әр спортшының денсаулығына жауаптымын. Дарынды жас боксшыларды тауып, дамыта аламыз деген үміт бар. Ісімізді бастап қойдық. Жігіттер чемпион атану үшін еңбекқор болу қажет екенін жақсы түсінеді», - деді GGG.

Сонымен қатар, Головкин еліміздегі спортшылар мен кәсіпкерлерді жастарға көп көңіл бөлуге шақырды.

«Бірнеше күн бұрын Қарағанды қаласында Головкин атындағы ДСО-да ( дене сауықтыру орталығы) болдым. Көздерінде от жалындап тұрған жастарды көрдім. Әсіресе, ешкімге айтпай, тосынсый жасап келсең ерекше қуанады. Біздің спортшылар мен бизнесмендерді жас спортшыларды қолдауға шақырамын», - деді қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, баспасөз-мәслихаты барысында Головкин өзінің келесі қарсыласы нақты кім болатынын әлі білмейтінін айтты.

Дереккөз: Prosports.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру