Футбол 05 Қазан, 2018 (0) (238)

Григорий Бабаян: «Барша Қазақстанды жеңіспен құттықтаймын»



«Астана» - «Ренн»(2:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін "Астананың" бас бапкер міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаян журналистердің сұрағына жауап берді: 

- Біріншіден, барша Қазақстанды жеңіспен құттықтағым келеді. Ойын соңына дейін бар күшін салған ойыншыларыма алғысымды айтамын. Дәл мұндай кездесуде сәттіліксіз болмайтыны анық. Соңғы минуттарда қорғаныста ойнауға тура келді. Дегенмен, жігіттер бүгінгі жеңіске лайықты ойын көрсетті деп айта аламын. Стадионда қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге ерекше алғысымды білдіремін.

- Ласло Кляйнхайслер неліктен алаңға шыққан жоқ? 

- Ласло кешегі жаттығу жұмыстарында өзін жайсыз сезінгендіктен, біз тәуекелге баруды жөн санамадық.

- Бактиер Зайнутдиновтың ойыны туралы не айтасыз?

- Бактиер өзін жақсы қырынан көрсетіп, өте керемет ойнады. Ойын соңында шаршағандықтан алмастыруын сұрады. 


Дереккөз: "Астана" клубының ресми сайты


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру