Желідегі жазбалар 03 Қазан, 2018 (0) (281)

Хулен Лопетеги: «Реалға» сәттілік жетіспеді

Өткен түнде ресейліктер бөріктерін аспанға атып қуанды. Әлем чемпионатынан кейін дәл 79 күн өткенде «Лужники» стадионы құшағын кең жайып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты.

Екі команда арасындағы соңғы кездесулер нәтижесінде ресейліктер өз алаңдарында тең түсті де, «Сантьяго Бернабеуде» сан соғып қалды. Ресейдің ұлттық құрамасы осы әлем чемпионатындағы керемет ойын көрсетіп көпке үлгі болды білем, ойынды ширақ бастады.  2-минутта Тони Кроос Асенсиоға пас тастағандай көрінген. Бірақ әріптесі оны дұрыс түсінбей, доп хорватиялық Никола Влашичтің аяғынан табылды. Мүмкіндікті мүлт жібермеген Влашич есеп ашты. Одан кейін қонақтар оталды. Шабуыл үстіне шабуыл ұйымдастырды.  Бірақ, бұл есеп ойынның соңына дейін сақталды. 90-минутта мадридтіктер 23 соққы бағыттағанымен оның тек 4-еуі ғана Акинфеев қорғаған қақпаға дәл бағытталған екен. Алаң иелері өз жерінде тәртіп бұзып бақты. 12 рет төреші Овидиу Хацеганның ысқыруына тура келіпті. Ойынның соңында төреші Игорь Акинфеевті алаңнан қуды.  

«G» тобында ресейліктер 4 ұпаймен көш бастады. Патша клубы екінші, 3 ұпаймен «Рома» олардың ізін алып келеді. «Виктория Пльзень» болса осы топтық кезеңнен лигадағы орнын босатуға осы бастан дайын.

Ойын соңыдағы баспасөз мәслихаты бас бапкер Хулен Лопетеги:

- Бізге бүгін сәттілік жетіспеді. Бізде мүмкіндік көп болды. Бірақ,  пайдалана қоятын ойыншы табылмады. ЦСКА өз алаңында ойнады. Жылдам голдың арқасында жағдайын түзеп алды. Біз осы қарқында жалғастыра береміз, деп қысқа қайырды.

Естеріңізге сала кетейік, қос команда арасындағы келесі матч қаңтар айының 12 күні Мадридте өтеді.


Данияр Бексұлтанов

Тұран университеті, Журнаистика факультеті


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру