Жарыстың бірінші күні 6-17 жас аралығындағы кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні 18-ден жоғары спортшылар өнер көрсетеді. Бұл сайыстар ABB аренасында, AIGA халықаралық әуесқойлар лигасы қауымдастығының ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі.