Alaman Ақпарат 01 Қазан, 2018 (0) (180)

Банк қызметкерлері арасында спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Нархоз университеті стадионында Алматы қаласының банк қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс шағын футбол, армрестлинг, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), гір көтеру, арқан тарту және шахмат спорт түрлерінен өткізіледі.

«Бұл спорт жарыстары «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында  үшінші рет өткізіліп отыр, жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бүгінгі Спартакиадаға 7 банк өкілдері қатысуда, бұл шамамен екі жүзге жуық қатысушы. Банк қызметкерлері алты спорт түрінен жарысты. Спартакиада банк қызметкерлері арасында танымалдыққп ие болғандықтан, біз бәсекелестік форматын өзгерту туралы ойланудамыз. Келесі жылы ойындар бірнеше кезеңде өтеді деп жоспарлап отырмыз», - деді «Спорттық Алматы» бағдарламасының ұйымдастырушысы Әлия Шайхан.

Өз кезегінде, Халық банкінің қызметкері Сабырхан Жакешов бұл жарысты асыға күткенін айтты.

«Әріптестермен бейресми жағдайда әңгіме құрып, олармен спорттық алаңдарда жарысу мүмкіндігі туа бермейді. Спорттық Алматы бағдарламасына алғысымды білдіргім келеді. Мен бұл жарыстарға әрқашан қуана-қуана қатысамын. Сондай-ақ, қазақстандық жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын. Әсем қаламыз  - Алматыда әкімдіктің әр түрлі салаларының жан-жақты жұмысының арқасында спортқа ерекше көңіл бөлінетіндігі қуантады. Алматының әр ауласында дене шынықтыру мен спортты жүйелі түрде жүргізу үшін қажетті жағдайлар бар», - деді Сабырхан Жакешов.

Айта кетсек, қыздар арасындағы шахмат жарысында Халық банкінің қызметкері барлық жүлделі орындарды иеленді, ал ерлер арасында бірінші орынды Сбербанк банкінің қызметкері жеңіп алса, күміс жүлдн Fortebank қызметкеріне бұйырды, үшінші орынды Ұлттық Банктің өкілі иеленді.

Назарларыңызға жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз:

Армрестлинг, қыздар:

1. Капитал банк,

2. Ұлттық Банк,

3. Ұлттық Банк.

Ерлер:

1. Халық банк,

 2. Ұлттық Банк,

3. Ұлттық Банк.

Гір спорты:

1. Сбербанк,

2. Халық банк,

3. Халық банк.

Жеңіл атлетика (эстафета 4х100):

1. Ұлттық Банк,

2. Халық банк,

3. Капитал банк.

Арқан тарту, қыздар:

1. Ұлттық Банк,

2. Капитал банк,

3. Халық банк.

Арқан тартуда ерлер арасында бірінші орынды Халық банк пен Ұлттық банктің қызметкерлері сарапқа салды. Тартысты өткен кездесуде Халық банкінің өкілдері жеңіске жетті.

Шағын футбол:

1. Капитал банк,

2. Ұлттық Банк,

3. Форте банк.

Командалық есепте Халық банктің өкілдері бірінші орынға жайғасса, Ұлттық Банктің қызметкерлері екінші орынды иеленді, сондай-ақ, үздік үштікке Капитал Банк енді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, кубок және сыйлықтармен марапатталды.

Спартакиаданың басты мақсаты банк қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттап және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру