Alaman Ақпарат 01 Қазан, 2018 (0) (152)

Алматыда мешіт қызметкерлері арасында алғашқы рет спартакиада өтті

«Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы қаласының мешіт қызметкерлері арасында алғашқы рет спартакиада ұйымдастырылды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  

 Жарыс Нархоз университеті стадионында шағын-футбол, армрестлинг, үстел теннисі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахмат спорт түрлерінен өткізіліп, оған тек мешіт қызметкерлерінен жасақаталған командалар қатысты.

 Жарыс қорытындысы бойынша, Медеу ауданы мешіті бірінші орынды иеленсе, ал, екінші және үшінші орындарды Жетысу мен Әуезов ауданы ұтып алды.    

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, кубок және сыйлықтармен марапатталды.  

 Спартакиаданың басты мақсаты мешіт қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылды.

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру