Бокс 30 Қыркүйек, 2018 (0) (83)

Головкинге «Канеломен» үшінші жекпе-жек туралы келісуге не көмектеседі

Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші айқасқа келісуіне не ықпал етуі мүмкін екенін айтты.


«Қазір Головкин мен «Канелоның» жолы екіге айырылды. «Канело» 15 желтоқсанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де Давид Лемьемен айқасуды жоспарлауда, ал Головкин 2018 жылдың соңына дейін рингке шықпайды. Абель Санчес пен Том Леффлер Риато Муратомен немесе Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтып отыр. Головкин Дэниэл Джейкобс - Сергей Деревянченко айқасының жеңімпазымен рингте кездесіп, айрылып қалған IBF белбеуін қайтара алады. Титулды қайтару «Канеломен» үшінші айқас туралы келіссөз жүргізуге мүмкіндік береді», - деп есептейді Джонс. 

Еске салайық, Халықаралық бокс федерациясы маусымда Головкинді Деревянченкомен міндетті айқастан бас тартқаны үшін орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды. Белбеу бос тұр. Джейкобс пен Деревянченко 27 қазанда ол үшін күш сынасады.

Дереккөз: Sports.kz/Inform.kz 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру