Жекпе-жек 30 Қыркүйек, 2018 (0) (53)

Макгрегор сырқат баланың емін төлеп берді

Екі салмақ дәрежесінде UFC-тің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ирландияда сырқат баланың еміне 10 мың еуро төледі. 

Бұл туралы сырқат бала Грэнни Маккалофтың анасы айтты. Ол өз баласы үшін 15 мың еуро жинаған.

Макгрегордың тарапынан мұндай қайырымдылық жиі жасалып тұрады. Бұған дейін Конор қайырымдылыққа ақша бергені үшін Best of Ireland Gala жүлдесін алған болатын.

Естеріңізге салсақ, 7 қазанда Конор Макгрегор жеңіл салмақтағы чемпиондық титул үшін Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізеді.

Дереккөз: Eurosport.ru/Prosports.kz 

Сурет: Vesti.ru


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру