Alaman Ақпарат 28 Қыркүйек, 2018 (0) (203)

Алматыда мешіт қызметкерлері арасында спартакиада өтеді

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында оңтүстік астанада түрлі спорт шаралары өтіп жүргені белгілі. Бұл жолы мешіт қызметкерлері де қалыс қалмады.

Ертең, яғни  қыркүйектің 29-ы  күні «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы қаласының мешіт қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс Нархоз университеті стадионында шағын-футбол, армрестлинг, үстел теннисі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахмат спорт түрлерінен өткізіледі. Спартакиаданың ресми ашылуы сағат 10:00-де.

Спартакиадаға тек мешіт қызметкерлерінен жасақаталған командалар қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, кубок және сыйлықтармен марапатталады.

Спартакиаданың басты мақсаты мешіт қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру