Бокс 28 Қыркүйек, 2018 (0) (171)

«Астана арландары» WSB финалында жеңілді

Финалдың екінші бөлімінде "Астана арландары" мерзімінен бұрын ұтылды. 

Қытайдың Цзиньцзян қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайысында қазақстандық команда жеңіліс тапты, деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 


Бүгінгі жекпе-жекті «арландар» жеңіспен бастаған болатын. 52 келідегі Сәкен Бибосынов Хорхе Гриньяннан басым түсіп, жалпы есепті теңестірген еді. 60 келідегі Закир Сафиуллин үш дүркін әлем чемпионы Лазаро Альварестен, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов Олимпиада чемпионы Рониель Иглесиастан, Бек Нұрмағамбет Рио ойындарының жеңімпазы Хулио Ла Круздан ұтылды. 

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен Хосе Лардует арасындағы жекпе-жек нәтижесі қорытынды есепке еш өзгеріс енгізбейді. 

Бірінші жарыс күнінде кубалықтар 3:2 есебімен басым түскенін хабарлаған болатынбыз. 

Осылайша, «Куба Домадорес» Бүкіләлемдік бокс сериясының биылғы маусымында чемпион атанды. 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру