Бокс 28 Қыркүйек, 2018 (0) (182)

«Канело» Головкинмен екінші жекпе-жектің әділ өтпегенін айтқандарға жауап берді

Twitter-де шетелдік тілшілердің бірі «Канелоға» сұрақ жолдаған.


Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен екінші жекпе-жектің әділ өтпегені туралы айтып, «Головкинн жеңуі тиіс еді» дегендерге жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Twitter-де шетелдік тілшілердің бірі «Канелоға» сұрақ жолдап, «Головкиннің жеңісін армандап, шағымданғандар әлі наразданып жүр. Мұндай адамдармен не істейміз?» – деп cұраған. Өз кезегінде Альварес тілшінің желідегі сұрағына жауап берді. «Олар әрі қарай да шағымданып жүре берсін. Олар өмір бойы шағымданып өтеді», – деп жазды Альварес.

Сурет: rmcsport.bfmtv.com


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру