Alaman Ақпарат 27 Қыркүйек, 2018 (0) (268)

Қазақстан спорт делегациясы Жакарта қаласында өтетін III Пара Азия ойындарына аттанады

29 қыркүйек күні Алматы қаласы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында Қазақстан спорт делегациясын Жакарта қаласында өтетін III Пара Азия ойындарына шығарып салу салтанатты рәсімі өтеді. Қазақстан спорт делегациясы сапында Пара Азия ойындарына 180 адам аттанбақ. Естеріңізге сала кетсек, 4 жыл бұрынғы Инчхон қаласында өткен Пара ойындарында Ұлттық құрама спортшылары 7 алтын, 6 күміс, 11 қола жүлдені жеңіп алған болатын. Басты үміт артатын споршыларымыз жүзуден Жазғы Пара Олимпиада  ойындарының жеңімпазы – Зульфия Габидуллина. Сондай-ақ, жүзуден әлем чемпионы Наталья Звягинцева мен Пара Азия ойындарының 5 дүркін жеңімпазы Ануар Ахметов.   Пара Азия ойындарында Қазақстан туын алып жүру спортшы – Ануар Ахметовке тапсырылады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру