Теннис 27 Қыркүйек, 2018 (0) (151)

Алматы қаласында Almaty Challenger халықаралық турнирі өтеді

Қазанның 1-і мен 6-ы аралығында Алматы қаласында ATP Challenger сериясының ірі халықаралық турнирі өтеді. Жүлде қоры – 50 мың доллар, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

2 қазан күні сағ. 09:30-да «Эйс» теннис орталығында халықаралық жарыстың ашылу салтанаты өтеді.

Сондай-ақ, 2 қазан күні сағ. 10:00-да Ұлттық құраманың қатысуымен балаларға арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылады.

Айта кетер жайт, Almay Challenger турниріне 20 елден келген 100-ге жуық теннисші қатысады – олардың ішінде әлем рейтингісінің ТОП-жүздігіне кіретін теннисшілер де бар. Қазақстан спортшыларының арасынан Александр Бублик, Александр Недовесов, Тимур Хабибуллин, Сағадат Аяп және Денис Евсеев қатысады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру