Желідегі жазбалар 27 Қыркүйек, 2018 (0) (253)

Нұрлан Жанай: Модричтің еңбегі орасан

Өмірде жолы ауыр, тағдыры қиын, бірақ шыдамды адамдар болады. Сондай адамның бірі де бірегейі - осы жігіт. 


Лука Модрич 35 жасқа қараған шағында «Әлемнің үздік ойыншысы» атағын алды

2012 жылы Тотенxемнен Реалға ауысқанда да сынның астында қалған «Ең нашар трансфер» деп. Өткенде UEFA-ның “Үздік ойыншысы” атағын алған соң Хорватия құрамасы Испаниядан 6:0 есебімен ойсырап жеңілді. Бірнеше күн бұрын FIFA-ның атағын алған соң, кеше Реал Севильядан 3:0 есебімен айрылып қалды. Екі жағдайда да жұрттың бәрі тобырлық стильде Модричті жерден алып жерге салды. Онымен тоқтайын деп тұрған Модрич жоқ, ертең Ballon D’or-дың “Алтын добын” алғанда, бірдеңе болып қалмаса екен...
⠀Жалпы Реалда көп көзге түспейтін, бірақ еңбегі орасан екі адам бар: бірі - Кроос, екіншісі -Модрич. Басқа-басқа ортаның екі короліне тиісудің қажеті жоқ. Кешегі 3 голдың екеуінде Куртуа, біреуінде қорғаушылар қателесті. Ондай сәтсіздік болғаны да дұрыс, арқаны кеңге жаймау үшін... Модрич мықты, оны нағыз Реалфандар ғана мойындайды, Роналдуды аңсайтын глорлар шулап жүре берсін...


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру