Күрес 26 Қыркүйек, 2018 (0) (32)

Нұрбақыт Теңізбаев Halyk Arena спорт кешенінде шеберлік сабағын өткізіп, өз әдісімен барлығын таң қалдырды

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Halyk Arena спорт кешенінде орналасқан күрес залында шеберлік сабағын өткізді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Спорттық шара барысында Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері осы спорт кешеніндегі және өзге де клуб спортшыларына тәжірибесімен бөлісіп, олардың қызықты сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ол өзінің сүйікті әдісі - "кочерганы" (иықтын астынан лақтыру) жасап, көпшілікті таңғалдырды.

Сонымен қатар, Азия чемпионы Ербол Қоныратов та балаларға өзінің шеберлігімен бөлісті.

- Жеткіншектердің осы спортқа деген қызығушылықтары жақсы екенін байқадым. Әрине, ол өте қуантады. Біздің ізімізді басып, чемпиондықты көздеп келе жатқан ұрпақтарымыз көбейсе деген тілектемін. Қатысшуылардың арасында мықты спортшыларды байқадым, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері де бар екен. Олар әлемге танымал балуандарымыз Жақсылык Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бахтияр Байсеитов, Юрий Мельниченко, Демеу Жадыраев және т.б. секілді чемпион болса нұр үстіне нұр болар еді. Осы шараның ұйымдастырушыларына шақырғаны үшін алғыс білдіремін, - деді Нұрбақыт Теңізбаев.

Бұл қызықты өткен шеберлік сабақтың соңында барлық балалар мен жасөспірімдер, бапкерлер қонақтарға осындай тәжірибе үшін алғыстарын білдіріп, жалпы суретке түсті.

- Мен осы залда айналысып жүргеніме 3 ай болды. Мені бұл жерге досым ертіп келген еді. Барлығы да ұнап жатыр. Бүгін өзімнің тір тұтатын спортшы Нұрбақыт ағамды көріп, "прогиб" и "кочерганы" қалай жасау керектігін үйрендім, – деп өз ойымен шеберлік сабақ қатысушысы Ернұр Жұмабай бөлісті.

Айта кетер жайт, қала бойынша Halyk Arena, Almaty Arena, Темірдос, Достық, Гепард, Наурызбай мен Бостандық ауданы мектептерінде, РСК, СШЖМ, Батыр сынды 12 күрес залында 21 жасқа дейінгі кез келген азаматтар тегін қатысып жүр. Олармен толығырақ http://sportschool15.kz/category/12 сайтынан таныс бола аласыздар.

Ал қыркүйектің 27-і күні сағат 16:00-де Ислам Байрамуков жас спортшыларға шеберлік сабағын береді.

Осыған дейін, Halyk Arena күрес залында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Камандар Маджидов және өзге де танымал спортшылар шеберлік сабақ өткізген болатын.

 

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру