Бокс 26 Қыркүйек, 2018 (0) (211)

АҚШ-тағы жекпе-жектің алдында Әлімханұлы экс-чемпионның ұлымен спарринг өткізді

Жәнібек Америкада екі жекпе-жек өткізеді. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінің алдында америкалық кіші Шейн Мозлимен (10-2, 7 КО) спарринг өткізді, - деп хабарлайды  Alaman.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлімханұлы кіші Шейн Мозлимен үш раундтық жекпе-жек өткізді. Кіші Мозли кәсіпқой боксқа төрт жыл бұрын келген. Осы уақытта ол 12 жекпе-жек өткізіп, екеуінде ғана ұпай санымен жеңілген. 

Жәнібек Әлімханұлының Америкадағы алғашқы жекпе-жегі 28 қыркүйекте Окландтағы бокс кешінде өтеді. Сегіз раундтық жекпе-жекте қазақстандық боксшы 27 жастағы колумбиялық Карлос Галванмен (16-7-1, 15 КО) жұдырықтасады. Одан бөлек, қазақстандық боксшының АҚШ-тағы екінші қарсыласы да белгілі болды. Әлімханұлы мен Вон Александр (лақап аты The Animal - "Аюан") арасындағы жекпе-жек 3-ші қарашаға белгіленген. Кездесу Техас штатындағы Эль Пасо қаласындағы екінші жартылай жеңіл салмақта Мигель Берчельто (34-1, 30 КО) және Мигель Роман (60-12, 47 КО) арасындағы WBC белбеуі үшін жекпе-жегінің андеркартында өтеді.

25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте екі рет жұдырықтасып, екеуін де жеңді. Мұның алдында қазақстандық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырып, мексикалықты нокаутқа түсіретін алғашқы боксшы болатынын мәлімдеген.

Сурет: Vesti.kz/Тұрар Қазанғапов


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру