Күрес 25 Қыркүйек, 2018 (0) (25)

2019 жылы Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

2019 жылғы әлем чемпионаты 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама таратын алғашқы лизенциялық турнир болмақ.

Бүгін Швейцарияда Біріккен күрес әлемі 2019 жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында Астанадағы «Дәулет» спорт сарайында күрестен әлем чемпионаты өтетін ресми түрде мәлімдеді. 

Соңғы жылдары Қазақстан астанасы бірнеше ірі спорттық жарыстарды өткізді. Оның ішінде, 2014 жылғы Азия чемпионаты мен 2018 жылғы грэпплингтен әлем чемпионаты бар. 

 «Астана қалалық ұйымдастыру комитеті көңілімізден шықты. Біздің Париждегі жетістігіміз бен Будапеште өтетін әлем чемпионатынан соң Астана спортшылар мен бапкерлерге және жанкүйерлерге арнап жоғары деңгейлі жарыс өткізеріне сенімдіміз», - деді Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович. 

Қазақстандағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының президенті Сауат Мыңбаев әлем чемпионатына қатысты өз пікірімен бөлісті. 

«Мұндай дүбірлі доданы бізге сеніп тапсырғанын мақтанышпен жеткізгім келеді. Бұл біздің еліміз үшін үлкен спорттық оқиға! 2019 жылғы әлем чемпионаты 2020 жылғы Токио Олимпиадасы алдындағы лицензиялық бәсеке болып саналады. Елімізде 2014 жылы күрес түрлерінен Азия чемпионаты өткелі бері бірнеше ірі халықаралық турнир ұйымдастырылды. Сөз жоқ, мұндай деңгейдегі турнир Қазақстандағы күрес түрлерін дамытуға өлшеусіз үлес қосады», - дейді Сауат Мыңбаев. 

2019 жылғы әлем чемпионаты 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама таратын алғашқы лизенциялық турнир болмақ. 

Әрбір олимпиадалық салмақтағы үздік алты спортшы өз еліне лизенция сыйлайды. 

2019 жылғы әлем чемпионатының билеттері қаңтар айынан бастап сатылымға түседі деп күтілуде. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру