Хоккей 25 Қыркүйек, 2018 (0) (207)

Halyk Arena спорт кешенінде хоккейден жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды


Halyk Arena спорт кешенінде жасөпірімдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хаба

Бүгін қыздардан жасақталған «Торпедо» клубымен  кездесіп,  қарсыластарын 7:1 есебімен ойсырата жеңді.

Бұл жас санатындағы - «В» тобындағы жалғыз қыздар командасы болып табылады. Жалпы топта  барлығы 5 команда өнер көрсетеді. Бірінші тур 28 қыркүйекте аяқталады.

- Бүгінгі  ойынға көңілім толмады . Командаға  қойылған тапсырмалардың тек 20% орындалды. Ертең «Астанамен» кездесеміз,  жеңіске жетуіміз керек. Бұл маусымдағы мақсатымыз бірінші орын,  келесі жылы мықты «А» тобына өту, - деді «Алматы-2004» ХК бас бапкері Владимир Сорокин.

Осылайша, бүгінгі бірінші турда алматылық  ұжым қанжығаға 3 ұпай жинады.  Ел біріншілігі 2019 жылдың көктемінде аяқталады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру