Хоккей 25 Қыркүйек, 2018 (0) (180)

«Барыс» мәскеулік «Динамодан» басым түсті

Ресей астанасына «қонаққа» барған астаналық «Барыс» «Динамоны овертаймда жеңді».

Алғашқы кезеңде тең тарқасқан қарсыластар екінші кезеңде белсендірек қимылдады. Сондай бір сәттерде канадалық шабуылшы М. Фраттин шайба авторы атанды. Бұл  22.44 минут болатын. Араға 13  минут салып, Илья Никулин есепті теңестірді. 3-кезеңде Юусо Хиетанен алаң иелерін алға шығарып еді, іле-шала Кэвин Далмэнн есепті шала Кэвин Далмэнн есепті 2:2 жеткізді. Овертаймның 63-минутында Мэтт Фраттин тағы да дәлдік танытып, «Барысқа» жеңіс сыйлады.

Осы матчтан кейін 11 ұпаймен алтыншы орынға көтерілген «Барыс» келесі ойынын сырт алаңда ертең «Витязға» қарсы өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру