Жеңіл атлетика 24 Қыркүйек, 2018 (0) (223)

Алты жеңіл атлетіміз Азияның үздіктері тізіміне енді

Алты қазақстандық жеңіл атлет Азия рейтингінде үздіктер қатарында

Картинки по запросу ольга рыпаковаАлты қазақстандық жеңіл атлет Азия рейтингінде үздіктер қатарына еніп отыр.

Атап айтар болсақ, үш қарғып секіру, биіктікке секіру, 100, 200, 400 және 800 метрге жүгіруде ел спортшыларыа алғашқы алтылықтан көрінген. 

Азия ойындарында 14.26 метрге секірген Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден рейтингіде көш бастап тұр. Ол тап осындай көрсеткішпен Остравада өткен Құрлықаралық кубокте күміс жүлдеге қол жеткізген еді. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Ирина Эктова рейтингте үшінші орында. 

Виктория Зябкина екі бағдарлама бойынша үздіктер сапында.  Ол 100 метрге жүгіруде үшінші, 200 метрге жүгіруде екінші орында тұр. 

Одан бөлек рейтингке Маргарита Мұқашева (800 метр), Элина Михина (400 метр) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) енді. Михина төртінші, Дубовицкая бесінші сатыда. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру