Alaman Ақпарат 24 Қыркүйек, 2018 (0) (174)

Элизабет Тұрсынбаева Словакиядағы турнирден олжалы оралды

Спортшы қызымыз үздік үшіктен көрінді

Картинки по запросу элизабет турсынбаеваСловакия астанасы Братислава қаласында мəнерлеп сырғанаудан Ondrej Nepela ondrej 2018 халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева күміс медальге ие болды. 

Қысқа бағдарламаны еш қатесіз орындаған отандасымыз 69,99 ұпаймен алғашқы жарыс күнін екінші орынмен аяқтады. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 70,79 ұпай жинаған жапониялық Рика Кихира бірінші орында. Үшінші орында ресейлік Станислава Константинова болды. Еркін бағдарламада да алғашқы үштікте өзгеріс болмады. 

Өз нәтижесін сақтап қала білген Тұрсынбаева күміс медальге ие болды. Оның жалпы ұпай көрсеткіші 192,30 ұпай. Бірінші орынды жапон қызы Рика Кихира алса, қола медаль Станислава Константинова еншісінде кетті. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру