Бокс 24 Қыркүйек, 2018 (0) (179)

«Канелоның» Головкиннен тартып алған белбеуіне кім таласатыны анықталды

Бұл туралы WBC президенті айтты


WBC Дүниежүзілік бокс кеңесінің төрағасы Маурисио Сулеймен мексикалық Сауль Альварес осы тұжырымдағы чемпиондық белбеуді қай боксшыға қарсы жекпе-жекте қорғайтынын айтты.

Boxingscene.com сайтының мәліметіне жүгінсек «Канело» WBC чемпиондық белбеуін америкалық Джермалл Чарлоға қарсы жекпе-жекте қорғайды. Америкалық боксшы кәсіпқой мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Алайда бұл шешім әлі нақты емес. 30 қыркүйек күні Украина астанасы Киевте өтетін WBC-тің конвенциясында Сауль Альварестің қарсыласы анықталады.

Айта кетейік, мексикалық боксшы Сауль Альварес 15 қыркүйек күні өткен қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Super және WBC чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру