Alaman Ақпарат 24 Қыркүйек, 2018 (0) (282)

Алматы 2019 жылы өтетін Қысқы Универсиаданың Алау эстафетасын қабылдады

 2019 жылы Ресей қаласында  өтетін Қысқы Универсиада алауын Алматы қаласы қабылдады. ЭстафетаАбай көшесі бойымен жүріп Баулан Шолақ атындағы спорт сарайынан басталып Республика сарайына дейін жалғасты, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Алауды жағу рәсімінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, халықаралық студенттер спорт федерацисының (FISU)президенті Олег Матыцин,  Ресейдің спорт министрі орынбасары, статс-хатшысы Наталья Паршикова болды. Олар  2017 жылы Алматыда  өткен қысқы студенттер ойындарының жақсы дәрежеде өткенін айтып, барлығына сәттілік тіледі. Эстафетаны бастау құқығына бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов ие болды. Ол Алауды ресми түрде жағу үшін Арман Қырықбаевқа табыстады. Өз кезегінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары алауды Наталья Паршиковаға тапсырып, осылайша Эстафета кезеңі басталды.  15 алау ұстаушылар Абай көшесімен 2,5 км шақырым жүгіріп өтті. Олардың арасында Ресей делегаттары, еліміздің танымал спортшылары боксер Қанат Ислам, триатлоншы Салтанат Қазыбаева, футзалшы Дінмұхамбет Сүлейменов, ЖОО ректорлары және т.б. болды. Эстафетаны Қазақстан студенттер арасындағы ұлттық спорт қауымдастығының президенті Қайрат Закирьянов аяқтады. Мәреде олар барлық қала қонақтары мен тұрғындарын тағы бір мәрте  құттықтап, FISU өкілдері мен ұйымдастырушылар колбадағы алаудыҚытай Халық Республикасына табыстады. Келесі Алау  Эстафетасының кезеңі осы елдің Харбин қаласында  қыркүйектің  26-ы  күні өтеді. - Мен сіздерге осындай қолдау үшін алғыс білдіріп, 2017 жылы  өткен Универсиада ең жоғары деңгейде өткенін айтқым келеді. Бізде осындай есте қаларлықтай өткіземіз деп ойлаймын. Сіздерді келесі жылынаурыздың 2-12 аралығында Краснорск қаласында күтетін боламыз, - деді АНО «Дирекция Красноярск-2019» бас директорыМаксим Уразов.Айта кетер жайт,  Алау Эстафетасы  20-ші қыркүйек күні Италияның Турин қаласында басталды. Қыркүйектің 29-ы күні Алау Эстафетасының Ресейдегі кезеңі басталып, сол елдің 30 ірі қаласы қабылдайды. Спорттық шара 2019 жылы наурыздың 1-і дейін жалғасып,  студенттер  ойындарының   астанасы Красноярскте аяқталады.

 

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру