Футбол 24 Қыркүйек, 2018 (0) (275)

Әлем үздіктері анықталады

Бүгін Халықаралық футбол қауымдастығының(FIFA) жыл сайынғы The Best жыл сайынғы үздіктерге берілетін сыйлығы салтанатты шарасы өтеді.

Лондонда жеті номинация: үздік футболшы, үздік футболшы қыз, ерлер командасының үздік бапкері, әйелдер командасының үздік бапкері, үздік қақпашы, жылдың үздік голы және жанкүйерлерге арналған сыйлығы иегерлері анықталады.

Өткен жылы әлемнің үздік ойыншысы Криштиану Роналду болған еді.

Үздік ойыншыны ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандары, сондай-ақ журналистер интернет арқылы дауыс беріп таңдайды.

Бір қызығы биылғы шара Мессисіз өтеді. Ұлттық құрамада және «Барселона» клубымен айтарлықтай жетістікке жетпеген ол үздік ойыншы атағынан құр қалды.

Үміткерлер:

«Үздік ойыншы»: Роналду, Модрич, Салах

«Үздік гол»: Роналду, Салах, Месси, Бэйл, Лазарос Христодулопулос, Джорджиан де Арраскаэта, Райли Макгри, Бенжамен Павар, Рикарду Куарежма, Дмитрий Черышев

«Үздік қақпашы»: Уго Льорис, Тибо Куртуа және Каспер Шмейхель

«Үздік әйелдер бапкері»: Рейнальд Педрос («Лион»), Асако Такакура (Жапония құрамасы) және Сарина Вигман (Нидерланд құрама командасы).

«Үздік ерлер құрамасы»: Златко Далич (Хорватия құрамасы), Дидье Дешам (Франция құрамасы) и және Зинедин Зидан («Реал» М)

«Әйелдер арасындағы үздік футболшы»: Ада Хегерберг («Лион»), Дженнифер Марожан («Лион») және Марта («Орландо Прайд, США).

«Үздік жанкүйерлер акциясы» (FIFA Fan Award): чилилік «Депортес Пуэрто-Монт» клубы фанаты Себастьян Каррера,  Японии және Сенегал құрамалары жанкүйерлері, сондай-ақ Перу құрамасының фанаттары.

Бұл жеті жүлдеден бөлек FIFA Fair Play сыйлығы бар. Дәл осы шарада FIFA/FIFPro World 11 символикалық құрамы жарияланады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру