Футбол 24 Қыркүйек, 2018 (0) (285)

Роналду үшінші добына көрімдік сұрады. Месси және команда тең ойнады

Футбол дегенде Роналду мен Месси туралы жазбасаң, бірдеңе жетпейтіндей, олқы болып тұратыны рас. Өткен апта несімен есте қалды? Қосы жұлдыздың аяқ алыстарына тоқтала кетсек.

А сериясының бесінші турында «Фрозинонені» қабылдаған «Ювентус» 2:0 есебімен жеңіске жетті. 81-минутта Роналду Италия чемпионатындағы үшінші голын соқса, ойын соңында Бернардески белсеніп, есепті еселеді. «Ювентус» 15-ұпаймен жеке-дара топ басына жайғасты.

Ал, Испания Примерасының 5-турында «Жиронамен» кездескен каталониялықтар тең есепке қанағаттанды. Ойынның 19-минутында Месси гол соқты. Алғашқы таймның соңына он минут қалғанда «Барселона» қорғаушысы Клеман Ленгле алаңнан қуылып, командасын қиын жағдайға тастап кетті. Осыдан кейін, Кристиан Стуани екі бірдей дубль жасаған. Көп ұзамай Жерар Пике есепті теңестірді.Осы ойыннан кейін «Барселона» мен «Реал» 13 көш бастап тұр


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру