Футбол 23 Қыркүйек, 2018 (0) (161)

«Астана» «Қайраттан» 7 ұпайға озды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 27-турында ел чемпионы «Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді.

«Астана» «Қайраттан» 7 ұпайға озды

Елордалық клуб Оралда жергілікті «Ақжайықпен» кездескен болатын. Матчтағы үш гол да бірінші таймда соғылды. 23-минутта Ричард Альмейда пенальтиді дәл орындап, «Астана» сапындағы алғашқы голын соқты. Араға үш минут салып Алексей Щеткин қонақтардың басымдығын ұлғайтты.

37-минутта оралдықтар Артур Карашаускастың көмегімен есеп айырмасын қысқартқан. Бұл матчтағы соңғы гол болды. Қорытынды есеп – 1:2.

Еурокубокта сынға түсіп жатқан «Астана» бұл ойында қосалқы құрамын шығарса да, үш ұпай еншілей алды. Осылайша, «Астана» 61 ұпай жинап, көш басындағы орнын нығайта түсті. Ол «Қайраттан» жеті ұпайға озып тұр. Ал «Ақжайық» болса 29 ұпаймен 8-ші орында тұр.

«Ақжайық» - «Астана» 1:2 (1:2)

Голдар: Карашаускас 37 - Алмейда пенальтиден 23, Щеткин 26

Дереккөз: Prosports.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру