Alaman Ақпарат 23 Қыркүйек, 2018 (0) (395)

Алматыда «Спорт менің ауламда» атты чемпиондар лигасы басталды

Бүгін «Спорт менің ауламда» бағдарламасы аясында чемпиондар лигасының екінші маусымы басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл бірнеше кезеңнен тұратын спорттық жарыс Жетысу, Медеу және Түрксіб аудандарында бастау алды. Бағдарламада 7-17 жасар қыздар мен ұлдар воркаут, бадминтон, футбол, стритбол, дартс, жеңіл атлетика, арқан тарту, үстел теннисі, секіру сынды спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Барлық қатысушылар көтерінкі көңіл күйде болды.
- Бүгін мен дартс ойнап жеңімпаз атандым. Маған барлығы ұнады. Өте қызық
болды. Сонлай-ақ, секіруден үшінші орынға іліктім, өкінішке орай,
футболдан жүлдегер атана алмадық. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз, - деп өз ойымен Жетісу ауданының өкілі Әрсен Мұсаев бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және сыйлықтармен марапатталды. Енді үздік атанғандар өз алаңының атынан ауандық кезеңге шығады. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру