Alaman Ақпарат 23 Қыркүйек, 2018 (0) (273)

Балалар үйінің тәрбиеленушілері Орталық стадионды 60 жылдығымен құттықтады

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында Орталық стадионның 60-жылдығына арналған спартакиада өтті.

«Балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында спартакиаданы екінші рет өткізіп жатыр. Бұл жолы Алматы қаласының әкімдігі мен демеушілердің қолдауының арқасында Спартакиада өте жоғары деңгейде өтті, позитивті эмоцияларға толы болды. Қатысушы командалар бүгінгі ойындарға үлкен

жауапкершілікпен қарады. Жарыстар шағын футбол, арқан тарту, асық ату, жеңіл атлетика, балалар дуатлоны (жүгіру-100 м, велосипед-200 м, жүгіру- 100 м) спорт түрлерінен өткізілді. Біздің серіктестер Sport Expo Kazakhstan, Galanz bottlers компаниясы «Maxi чай» брендімен, «GRAVITY» батут паркі балаларға сусындар, тәттілер, балмұздақ, батут паркіне арналған тегін билеттер сияқты бағалы сыйлықтар дайындады. Спартакиаданың осындай елеулі мерекеде - еліміздің ұлы спорт аренасының 60 жылдығына орай өтіп жатқандығына қуаныштымыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Орталық стадион басшылығына алғысымды білдіріп, құттықтағым келеді», - деді «Спорттық Алматы» бағдарламасының ұйымдастырушысы Әлия Шайхан. «Бүгінгі іс-шара маған өте ұнады. Жеңіл атлетика мен дуатлон бойынша  жарыстарға қатыстып, жақсы нәтиже көрсеттім. Спартакиаданың мерекелік рухынан үлкен қуаныш алдым», - деп өз ойымен SOS балалар ауылының тәрбиеленушісі, жеңіл атлетика (жүгіру, 200 метр қашықтықта) және дуатлон жарыстарының жеңімпазы он бес жасар Николай Хатаев бөлісті. №1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері техникалық және тактикалық шеберліктерінің арқасында шағын футболдан бірінші орынға ие болды.
«Біз екі қызықты ойын өткізіп, екі матчта да жеңіске жеттік. Бірінші ойында қарсыластарымыз мықты болды, сонда да командамыз жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Біз түрлі қалалық турнирлерде үнемі ойнаймыз, жігіттер бір-бірімен жақсы таныс», - деп өз әсерлерімен Артем Османов бөлісті. Спартакиадаға «Қайрат» футбол клубының құрметті ардагерлері қонақ болып, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты. Белгілі отандық спортшылар жеке және командалық спорт түрлері жеңімпаздарын жарыстар дәрежесіне тиісті диплом, медальдармен, бағалы сыйлықтармен, сондай-ақ, кубоктармен марапаттады. Спартакиаданың барлық қатысушыларына «Қайрат» футбол клубының жақын матчына тегін билеттер сыйға тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру