Хоккей 23 Қыркүйек, 2018 (0) (215)

Алматы хоккейшілері Halyk Arena-да «Арлан» клубымен кездесті

Бірінші ойында алматылықтар тартысты кездесудің нәтижесінде қонақтарды буллит бойынша 3:2 есебімен жеңген болатын.


Halyk Arena көпфункционалды спорт кешенінде ерлер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының 4-ші туры өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. 


Бірінші ойында алматылықтар тартысты кездесудің нәтижесінде қонақтарды буллит бойынша 3:2 есебімен жеңген болатын. Алаң иелерінің сапынан Александр Евграфов, Алексей Ефремов және Юлиан Попович көзге түсті. Ал, екінші кездесуде қызыққа толы матч Рүстем Нефедов шәкірттерінің
пайдасына аяқталды. Александр Евграфов пен Сергей Демагиннің екі голына қарсыластар бес шайбамен жауап қайтарды. Есеп 2:5.
- Кеше біздің жеңіске деген құштарлығымыз көп болды. Мінезді ойын көрсеттік. Ал, бүгін, ойыншылар толыққанды қалпына келе алмай қателіктерге жол берді. Соның салдарынан көп гол жіберіп алдық, - деді
«Алматы» ХК аға жаттықтырушысы Игорь Дорохин. Айта кетсек, «Алматы» ХК келесі ойындарын өз алаңы Halyk Arena-да 27-28-ші қыркүйек күндері астаналық «Номад» клубына қарсы өткізеді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру