Хоккей 22 Қыркүйек, 2018 (0) (239)

«Барыстан» бақ тайды

Астаналық «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасынан оңбай «таяқ» жеді. Құрлықтық хоккей лигасы матчында Татарстан астанасына қонаққа барған қазақстандық клуб өз қақпасына 7 шайба жіберіп алды.

Алаң иелерінен Дмитрий Кугрышев (49 cек.), Тему Хартикайнен (18, 25 мин.), Артем Сергеев (21 мин.), Филип Ларсен (28 мин.), Линус Умарк (31мин.) және Йоонас Кемппайнен (35 мин.) көзге түсті. «Барыс» сапынан Андре Петерссон (15 мин.), Никита Михайлис (47мин.), Дмитрий Шевченко (53 мин.) қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

«Барыстан» бақ тайған сияқты. Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде 9 ұпаймен 7-орынды місе тұтып тұр Сегіз ойынның бесеуінде жеңіліп, ойыны мандымай тұрған команда туралы басқа ештеңе айта алмайсың.

Дереккөз: «Барыс» ХК ресми сайты


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру