Күрес 22 Қыркүйек, 2018 (0) (142)

Ерлан Серікжанов: Финалда қате өзімнен кетті

Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатына 66 келі салмақта күміс жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов жарыс соңында өз ойымен бөлісті. 

 -Мені әлем чемпионатындағы жүлдеммен құттықтап жатқан барша ағайынға рахмет! Сондай-ақ, біздің алаңсыз дайындалуымызға септігін тигізген Ұлттық Олимпиадалық комитетке, федерацияға алғысым зор. Айдын Смағұлов бастаған барлық жаттықтырушылар ұжымының сіңірген еңбегі көп. Массажшылардың да үлкен көмек көрсеткенін айтқым келеді.

Әлем чемпионатында Мозамбик спортшысы ғана оңай қарсылас болды. Ал ең ауыр кездесу жартылай финалда моңғол балуанына қарсы өтті. Финалға келер болсам... Өзім кіремін деп, қарсыластың айласына түсіп қалдым, - дейді Серікжанов. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру