Футбол 22 Қыркүйек, 2018 (0) (255)

«Астананың» төрт ойыншысы Еуропа Лигасының үздіктері тізіміне енді

Беделді Беделді WhoScored сайты Еуропа Лигасы топтық кезеңінің алғашқы турындағы үздік футболшыларды анықтады

Беделді WhoScored сайты Еуропа Лигасы топтық кезеңінің алғашқы турындағы үздік футболшыларды анықтады

K тобында өнер көрсететін «Астана» топтық кезеңнің алғашқы ойынында киевтік «Динамомен» кездесіп, тең түскен болатын. Алаң қожайындары соққан екі голға елордалық клубтың сапынан қорғаушы Марин Аничич пен шабуылшы Роман Мұртазаев жауап қайтарған. 

Ал топтың екінші кездесуінше франциялық «Ренн» өз алаңында чехиялық «Яблонец» командасынан басым түсті.

WhoScored сайты K тобының үздіктері сапына «Астананың» төрт бірдей ойыншысы қосқан. Атап айтқанда, ең жоғары ұпайды жинаған Марин Аничич (8,1), оның қорғаныстағы әріптесі Евгений Постников (7,3), сол қапталда ойқастаған Педро Энрике (7,5) және шабуылшы Джуниор Кабананга (6,7) енген.  


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру