Жеңіл атлетика 22 Қыркүйек, 2018 (0) (281)

Жасөспірімдер Олимпиадасында 179 елден 680 жеңіл атлет қатысады

Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтеді.

Олимпиада ойындары 6-18 қазан аралығында өтеді. Жеңіл атлетика сайыстары 11 қазанда басталады. Оған 2001 жылдан бері қарай туған спортшылар қатысады.

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жеңіл атлетикадан Азия құрлығынан іріктеу 4-5 шілде күндері Таиландтың Бангок қаласында өткен болатын. Ол кезде ұлдар арасында 57, қыздар арасында 32 лицензия сарапқа салынды. Қазақстаннан 16 жастағы атлеті Ефим Тарасов (ШҚО) 400 метрге жүгіруден екінші келіп (48.99 сек) бес жолдаманың біреуіне иелік еткен. Керекудің 15 жастағы спортшысы Александра Залюбовская да осы қашықтықта жүгіріп, жолдамаға қол жеткізді. Ақмола облысының тумасы, 16 жастағы Анастасия Глухарева үш қарғып секіруден екінші орын алды. (12.70 метр).  

Бұл үшеуінен бөлек Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының (IAAF) жабық шешімінің нәтижесінде тағы екі жолдама берілді. Қызылордалық Галина Панасенко мен Солтүстік Қазақстанның атлеті Кристина Морозова сондай мүмкіндікке ие. Панасенко 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қатысса, Морозова 5 шақырымға спорттық жүрістен бақ сынайды.

IAAF-тың ресми сайтындағы мәліметтерге назар аударсақ, III жасөспірімдер Олимпиадасында 179 елден 680 жеңіл атлет қатысады. Арасында жастығына қарамастан өздерін мойындатып жүргендері де жетерлік. Мысалы, болгар қызы Александра Начаева жасөспірімдер арасында әлем чемпионы. Еуропа чемпионатында жүлде алған. Биыл Финляндиядағы жарыста үш қарғып секіруден 14.18 метрді бағындырған.

kazathletics.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру