Сұхбат 22 Қыркүйек, 2018 (0) (27)

Михаил Литвин: Азия ойындарының финалында толық мүмкіндігімді көрсете алмадым

Жаңа маусымға дайындықты бастап кеткен спортшы жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне қысқаша сұқбат берді.

Елімізде қазіргі кезде ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Михаил Литвинге тең келер ешкім жоқ. Ол осы жылы Алматыдағы Ғұсман Қосанов Мемориалында 34 жылға созылған Александр Курочкиннің рекордын жаңартты (45.52). Литвин мәреге 45.50 секундта жетті. Ал Жакартадағы жазғы Азия ойындарында аралас эстафетадан қола жүлдеге ие болды. 

– Азия ойындарының аяқталғанына айға жуықтап қалды. Алған әсеріңізбен бөліссеңіз?

– Азия ойындары 4 жылда бір өтеді. Сондықтан үлкен спорттық іс-шара деп айтуға болады. Құрлықтың үздіктері ғана келеді. Мұндайға жарысқа кемі бір жыл дайындаласың.Қатысушылардың барлығы өздерің көрсеткісі келеді. Жеңіл атлетикадан әлемге танымал спортшылар қатысты. Бәсекелестік өте жоғары болды. Бір қуантқаны, біз өнер көрсеткен тұста стадионда жанкүйерлер көптеп жиналды. Сайысқа түскен кезде қолдаушылардың көп болғаны қуантады.

– Өзіңіздің көрсеткен өнеріңізді қалай бағалайсыз?

– Әрине, барлығы бірдей жоспарлағанымдай болған жоқ. Әсіресе, жекелей сында бұдан жақсы нәтиже көрсетуді ойлап едім. Финалда барлық мүмкіндігімді бірдей көрсете алмадым. Сөйтіп, алтыншы орынды қанағат тұтуға тура келді. Дегенмен, жүлдеге таласқаныма қуаныштымын. Есесіне, эстафетадан жүлде алдық. Алғаш рет өткізілген аралас эстафетадан командалас әріптестерім Светлана Голендова, Элина Михина, Дмитрий Кобловпен бірге жақсы жүгірттік. Әрқайсысы, жоғары нәтиже көрсету үшін тырысты.

– Қазір немен айналысып жатырсыз?

– Азия ойындарынан кейін аздаған демалыс алып, Мысырға барып келдім. Енді қайтадан туған жерім Петропавлға оралып, дайындықты бастап кеттік. Бізде күн суық, сондықтан манеждің дайындалып жатырмыз. Алғашында сол жалпыфизкалық жаттығулар.

– Енді қандай жоспарыңыз бар?

– Әзірге келесі жылдың жоспарын құрған жоқпыз. Қазан айына дейін осында дайындаламын. Сосын Қырғызстанға оқу-жаттығу жиынына барамыз. Одан кейін ұлттық құрамамен бірге қарашада Белекке аттанамыз.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру