Футбол 22 Қыркүйек, 2018 (0) (231)

Қазақстан футбол федерациясы «Ақтөбенің» мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) «Ақтөбе» футбол клубына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі  Қазақстан футбол федерациясының сайтына сілтеме жасап.



Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясына (ФИФА) мүше болу – ұлттық қауымдастықтар мен футбол субъектілерін ұйымның жарғысы мен ережелерін сақтауға міндетті екенін хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясы «Ақтөбе» футбол клубының ішкі және халықаралық аренадағы табыстарын ескеріп, чемпионат пен футболшыларға, футбол қоғамына нұқсан келтірмей жағдайды реттеуге талпынып, ФИФА мен Қазақстан футбол федерациясының ережелері мен құжаттарын қатаң сақтау қажет екені жөнінде клубты бірнеше рет хабардар етті. Сонымен қатар, ойыншылар алдында қарызды міндетті түрде өтеу қажет екенін хабарлады.

ФИФА мен Қазақстан футол федерациясының заң органдарының шешімін елемеу және орындамау арқылы қатаң санкцияларға ұшырайтыны жөнінде «Ақтөбе» футбол клубы облыс жетекшілігінің деңгейіне дейін бірнеше мәрте ескертілген болатын.

Қазіргі уақытта футбол клубына қатысты соттың істі қарауы жоғарыда айтылған құжаттардың талабына қайшы жүріп жатыр.




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру