Күрес 22 Қыркүйек, 2018 (0) (196)

Ерлан Серікжанов Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ол финалдық кездесуде жапониялық әлем чемпионы Абе Хифумиге есе жіберді. <


Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасынан Ерлан Серікжанов жарыстың күміс жүлдегері атанды.

66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінің алғашқы белдесуінде Артур Карлос Джуниорды (Мозамбик), екінші кездесуінде Барух Шмаиловты (Израиль), кейін Вадим Бунескуды (Молдова), ал ширек финалда моңғолиялық Херленг Ганболдты жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Әлем рейтингінің көшбасшысы израильдік Тель Фликер Ерланды тоқтата алмады.

Бұл Қазақстан құрамасының Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Кеше, жарыстың алғашқы күнінде Галбадрах Отгонцэцэг қола медальға қол жеткізген болатын.

Дереккөз: fdk.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру