Футбол 21 Қыркүйек, 2018 (0) (187)

Роман Муртазаев: «Динамомен» тең түсу – сенсация

Елорда командасының ойыншысы матч соңында осы кездесу туралы өз пікірімен бөлісті: 



Роман Муртазаев: «Динамомен» тең түсу – сенсация

- Ең бастысы – қажетті ұпайға қол жеткіздік. «Динамо» өте жақсы ойын үлгісін көрсетіп келе жатқан команда. Оларда есепті еселейтін мүмкіндіктер болған. Әсіресе, екінші таймда Буяльский тепкен сәтте. Егер ол сол сәтте гол соғып кеткенде, жағдай біз үшін қиын болар еді. Дегенмен, Құдайға шүкір маңызды ұпайға қол жеткізе алдық. 

- «Динамоға» қарсы 2:2 нәтижесі сенсация ма? 

- Олай деп айтуға да болады. Себебі, Кеңестік кезеңнің ең мықты командасы. Қазір де сол биігінен түскен жоқ. Дәл осындай командаға қарсы кездесуде гол соққаныма қуаныштымын. 

- Алаңға шығар алдында бас бапкер қандай тапсырма берді? 

- Ең бірінші кезекте жинақы ойын көрсетуімізді сұрады. Біз қарсылас команда ойынын талдаған кезде, бапкеріміз қай кездерді дұрыс пайдалануымыз керек екендігін көрсеткен еді. Бүгін біздің жолымыз болды. 

- Әуедегі допқа таласта екі рет жеңіске жетіп, гол соға алдыңыздар. Бұл сіздер талдаған «Диамоның» осал тұсы деп айта аласыз ба? 

- Иә, біз екінші қабатта жақсы ойнауды жоспарлаған едік. Алысқа, дәл пас беру арқылы ойнауды көздедік. Дегенмен, «Динамо» айтарлықтай қателітерге бой алдыра қойған жоқ. 





Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру