Сараптама 21 Қыркүйек, 2018 (0) (283)

Бұқаралық спортқа үлкен көңіл бөлініп отыр

    

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында» бұқаралық спортқа жіті мән берілген. Халықтың әл-ауқатының артуы денінің саулығына тікелей байланысты. Оны іске асыруда біршама жұмыстар істелді. Нәтижесінде тұжырымдамаға күшіне енген уақыттан бастап, дене шынықтырумен айналысатындардың саны едәуір артқанын байқаймыз.

Бұқаралық спорт саласында ел халқының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайту басым бағыт болып отыр. Халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына мемлекет жағдай жасауы керек. Ол жасалып та жатыр. Мәселен Алматы қаласында бірнеше заманауи спорт нысаны бар. Атап айтқанда, Almaty Arena, Halyk Arena және «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені халыққа қалтқысыз қызмет жасап тұр. Оның бәрін басқарып тұрған 2017 жылы Алматыда өткен қысқы Универсиада ұйымдастырушыларының бірі -  «Алматы қаласы Спорт нысандары дирекциясы» ЖШС-і. Мұндай ұйымдар туралы Тұжырымдамада «Бұқара халықтың спорт саласындағы қажетіліктерін қанағаттандыруға арналған спорт құрылыстарын салу және саты алу шығыстарын жабуға жеңілдікті кредиттер муниципалитетерге де, сондай-ақ спорт ұйымдарына да беріледі» деп көрсетілген.

Аталмыш нысандарда апта сайын ірілі-ұсақты жарыстардың өтіп тұрады. Салыстырмалы түрде айта кетер болсақ, олимпиада ойындары өткен Рио-де-Жанейро, Афины қалаларындағы спорт кешендері мүлде жарамсыз болып қалған. Онда жарыстар өтпек түгілі, адам танығысыз күйге түскен. «Ұйымдастыра білген ұтады» деген тәмсіл еске түседі осындайда. Біздің елде бәрі басқаша. Мұның бәрі мемлекеттің спортқа деген оң көзқарасының арқасы деуге әбден болады.

Мәселен, Almaty Arena спорт кешенінде бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, көркем гимнастика мен таэквондо, би студиясы, каратэ клубы мен шахмат, жиу-житсу және дзюдо спорты үйірмелері жұмыс істеп тұр. Бұлардың ішінде бокс, заманауи би, шахмат, қазақ күресі, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерімен мүмкіндігі шектеулі жандар шұғылдана алады. Спорттың түрлеріне қарай күніне 20-120, айына 400-ден төрт мыңға дейін адам келеді. Дүйсенбі мен сенбі аралығы, сағат 08.00-22.00 есіктер ашық.

Халық игілігі мен мүддесіне қызмет жасап тұрған нысандардың тағы бірі – Halyk Arena кешені. Мұнда халықаралық және еліміздегі кәсіби спорт шараларынан басқа бұқаралық спорттың да үлесі де зор. «Бекзат» бокс клубы, грек-рим, еркін және әйелдер күресі секциясы, мәнерлеп сырғанау студиясы сияқты үйірмелерге күніне 7-160, аптасына 36-960, ал жылына 144-3840 адам қатыса алады.

Мадияр Арстанбаев

 

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру