Футбол 21 Қыркүйек, 2018 (0) (180)

"Астана" сырт алаңда "Динамо" Киевпен тең түсті

УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" сырт алаңда Киевтік "Динамомен" 2:2 есебімен тең нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі.     



Жалпы кездесу тартысты өтті. "К" тобының басты фавориты саналған "Динамо" Киев басымдылыққа ие болды. Кездесудің 11 минутында Цыганков алаң иелерін алға шығарды. Он минуттан кейін, Марин Аничичтың соққан голы таразы басын теңестіруге септігін тигізді. Бірінші таймның соңғы минутында Гармаш "Астана" қақпасына алаң қожайындарының екінші голын салды. 

Екінші таймда "Астана" көп шабуылдауға тырысты. Қосалқы құрамнан Мужиков және Муртазаев кірген болатын. Кездесудің 90+5 минутында қонақтар есепті теңестірді. Педро Энрикенің пасынан кейін, Роман Муртазаев гол соғып, елордалық клуб үшін маңызды бір ұпай алып келді. 

Бұл ойыннан кейін, "К" тобында "Астана" және "Динамо" Киевте бір ұпайдан бар. 4 қазан күні елордалық "Астана" Францияның "Ренн" клубымен өз алаңында кездеседі.  

Еуропа лигасы. Топтық кезең

"Динамо" - "Астана" - 2:2 (2:1)

Гол соққандар: Виктор Цыганков 11, Денис Гармаш 45+2 - Марин Аничич 21, Муртазаев 90+4

"Динамо" Киев: Бойко (Қ), Сидорчук (К), Вербич, Цыганков, Гармаш, Пиварич, Бурда, Буяльский, Н. Русин, Кадар, Кендзера.

"Астана": Эрич (Қ) (К), Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Педро Энрике, Томасов, Маевский, Ричард Альмейда, Кабананга, Постников, Шомко.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру