Жекпе-жек 20 Қыркүйек, 2018 (0) (664)

Ержүрек Хабиб

Хабиб Нурмагомедов 1988 жылы 20 қыркүйекте Дағыстан Республикасының Цумадин ауданы Сильди ауылында дүниеге келді. «Қыран» лақап атымен танымал ол  30 жасына дейін жеңілістің кермек дәмін сезбеген (26-0) UFC чемпионы бола білді, сондай-ақ Инстаграм желісіндегі Ресейдің ең танымал спортшысы атанып үлгерді. Қазіргі кезде Хабибтің бес миллионнан астам адам жазылушысы бар.

Бүгін Нурмагомедов өмірдінегі ең маңызды айқасқа дайындық жүргізіп жатыр. 6 қазанда ол екі салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион Конор Макгрегормен жекпе-жекке шығады. Осыған орай, назарларыңызға Хабиб туралы қызықты деректерді ұсынамыз.

 Абдулманап Нурмагомедов. Хабибтің әкесі мен жаттықтырушысы - еркін күрестен КСРО спорт шебері. Ол сондай-ақ Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие. Қазір сену қиын, бірақ кейін Хабиб күзетшілік жұмысқа бола кәсіби спортты тастағысы келген. Бақытына орай, Абдулманап Магомедұлы өз ұлына бұған жол бермей, былайша ақылын айтты:

«Егер сен бір жерде жұмыс істесең, сен енді спортшы емессің. Сондықтан сенің басқа мәселең бар. Бірақ егер сен спортшы болсаң, онда өмір сүру салтың да соған сай болуы тиіс».

Тәрбие. Абдулманап бала кезінен бастап Хабибты жауынгерлікке тәрбиеледі Оның басты құндылықтарының бірі – адам баласын құрметтеу. Нурмагомедов әрқашан сегізбұрышта қарсыласына құрмет көрсетіп жүр, ал өзін  оған сыйламағандарды, «жазасыз» қалдырмады.

Тегі. Хабиб балуандар отбасынан шыққан. Әкесі Абдулманап Нурмагомедов еркін күрестен және самбодан Украина чемпионы болды. Ағасы Нурмагомед Нурмагомедов - 1992 жылы спорттық самбодан әлем чемпионы атанған. Нағашы ағасы - еркін күрестен спорт шебері.

Балалары. Хабиб өзінің жеке өмірін құпия сақтайды, бірақ ол үйленген және екі баласы бар екені белгілі. 2015 жылы Нурмагомедов қызды болды.  2017 жылы 30 желтоқсанда әйелі ұл тапты.

Жорж Сен-Пьер Хабибтің топшылауынша ММА тарихындағы ең үздік спортшы. Бір қызығы, Нурмагомедов көп ұзамай өзі құрметтейтін Сен Пьермен торда кездесуі мүмкін. Сент-Пьер жеңімпазбен кездесуге ауызша келісім берді және оны осы жылдың қыста Канадада өткізгісі келеді. Оның Хабиб туралы пікірі мынадай:

«Мен Хабиб Нұрмагомедовты салмақ санатына қарамастан, әлемдегі ең үздіктердің бірі деп есептеймін. Мен мұны әрқашан айтып жүремін. Мен үшін ол pound-for-pound рейтингісінде ең мықты спортшы.

Зал. «Қыран» бес жылдан астам уақыт АҚШ-тың ең әйгілі залдарының бірі – AKA-ның (Американдық кикбоксинг академиясы) бөлінбес бөлшегі екенін айту керек. Бүгінгі күні Хабибті AKA командасынсыз елестету қиын.

Ислам. Хабиб Нурмагомедов - үлгілі мұсылман. Ол әлеуметтік желілерде дінді кеңінен насихаттайды, ұлы тұлғалардың дін жайындағы қанатты сөздерін келтіреді және спорттық режиміне қарамастан, қасиетті Рамазан айында ораза ұстайды.

Үздік. GOAT – Greatest of All Time(ешкі емес), мұхиттың арғы жағында әлемдегі ең үздік жекпе-жек шеберін анықтау үшін осы терминді қолданады. Көптеген спортшылар ақша үшін емес, отбасылық мұра үшін күреседі – Хабиб те дәл сондай жағдайда. Оның мақсаты - тарихтағы ең үздік чемпион болу және жеңілістер кестесіндегі «нөлді» сақтап қалу.

Автокөліктер. «Мен «отырып қалған» автокөліктерді ұнатпаймын», дейді Хабиб бір сұхбатында. Сондай-ақ, «Қыранның» айтуынша, оның алғашқы көлігі Lada Priora болған.

Нурмагомедов. Көпшілік Хабибтің тегіне ерекше назар аударады. Бұл - Нұрмұхаммед деген мұсылман еркектің есімі, яғни араб тілінен алынған. «Нұр» сөзі жарық, сәуле дегенді білдіреді. Мұхаммед - оған Аллаһтың сәлемі мен берекеті болсын, пайғамбар есімі.

Қыран. Бүкіл әлемге танымал лақап ат. «Сізге кім Бүркіттің лақапсын кім ойлап тапты?» - деп Чемпионат» корреспонденті Александр Круглов Хабибтан сұраған. Сондағы жауабы былай болды:

«Мен - Дағыстандықпын, Дағыстанның нышаны - бүркіт. UFC-дегі дебют алдында біз достарымызбен және әкеммен кеңесіп, осы лақап атқа тоқталдық».

PR. Хабибтың менеджері басы үнемі дау-дамайға қалып жүретін - Әли Абдель-Азиз. Ол - ММА әлемінде өте қайшылықты тұлға. Бір кездері ол АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен соң, кейінірек сотта да жауап берді. Журналист Майк Расселдің айтуынша, Әбдел-Әзиз анасының өлімі туралы ойлап тауып, ақталып шыққан.

Футбол. Хабиб Мадридтің «Реалына» жанкүйер екендігі құпия емес. Ол испаниялық команданы Инстаграм желісінде белсенді қолдайды және тіпті Криштиану Роналдуды өз жекпе-жектеріне шақырады.

Хавьер Мендес. Нурмагомедовтар үшін ол тек жаттықтырушы ғана емес, отбасының сол отбасының бір мүшесі іспеттес.

Цумадин ауданы. Хабиб - 175 адам тұратын Сильди ауылынан шыққан. Ол Мәскеу, халықтың 70 мың есе аз.

Дереккөз: championat.com


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру