Футбол 20 Қыркүйек, 2018 (0) (192)

Кака Қазақстан ұлттық құрамасын баптайды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силва баптайды, деп хабарлайды Alaman.kz сайтының тілшісі Prosports сайтына сілтеме жасай отырып. 

Ұлттық құрама мен алматылық клубтың тізгінін бір бапкердің ұстауы бірінші рет емес. Жанкүйер қауым жақсы білетіндей, бұған дейін аталған қос міндетті тағы бір бразилиялық маман Какау атқарып келген болатын. Құрама мен «Қайратты» баптап толағай табысқа жеткен Какау 2017/18 жылғы маусым аяқталған соң қызметінен кеткен еді.

Ал «Қайраттың» қазіргі бапкері Кака алматылық команданың тізгінін биыл көктемде ұстады. Бәріміз білетіндей Кака да өте білікті маман. Ресейлік «Газпром-Югра» командасымен 2016 жылы UEFA Кубогында топ жарған.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру