Бокс 19 Қыркүйек, 2018 (0) (184)

«Канело» IBO чемпиондық белбеуінен бас тартты

Мексикалық боксшы Сауль Альварес 16 қыркүйекте Геннадий Головкинді жеңіп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеуді иеленген болатын.

Бірақ Канело Халықаралық бокс ұйымының (IBO) санкциялық жарнасын төлеуден бас тартты. Сондықтан, бұл титул қазір бос қалды. Ал Альварес жекпе-жектен кейін WBC, WBA Super, WBC арнайы белдігі және The Ring журналының белдігін иеленді.

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Канело арасындағы рематч мексикалық боксшының жеңісімен аяқталған болатын. Ал былтыр боксшылар алғаш рет жұдырықтасып, тең түскен еді. Енді Головкин де, Альварес те үшінші жекпе-жек өткізуге қарсы емес.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру