Бокс 19 Қыркүйек, 2018 (0) (221)

«Канело» Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келмейді

Сауль Альварес келесі жекпе-жегін Геннадий Головкинмен өткізбейтін болды.

Орта салмақта WBC, WBA Super чемпиондық белбеуінің жаңа иегері Сауль Альварес жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізгісі келеді.

Бұл туралы «Канелоның» промоутері Эрик Гомес мәлімдеген. Оның айтуынша, осы аптада Альварестің командасы болашақ қарсыласымен кездесіп, жекпе-жекті талқыламақ. Сондай-ақ, промоутер WBC, WBA Super тұжырымдарының жаңа чемпионы 15-ші желтоқсан күні канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізуі мүмкін екенін де жасырған жоқ. 

Айта кетейік, 15 қыркүйек күні өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңіп, WBC, WBA Super тұжырымдары бойынша жаңа чемпион атанған болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру