Қысқы спорт 19 Қыркүйек, 2018 (0) (338)

Алматыда Қысқы Универсиада-2019 алау эстафетасының кезеңі өтеді

Қыркүйектің 20-ы  күні Италияның Турин қаласында  2019 жылы өтетін қысқы Универсиаданың  алауы жағылады. 

Оның ұйымдастырушысы Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) болып табылады. Ал,  қыркүйек айының 24-і күні, қысқы Универсиада алауын XXVIII-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада астанасы болған Алматы қаласы қабылдап алады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алау Эстафетасы Абай көшесі бойымен жүріп Баулан Шолақ атындағы спорт сарайынан басталып Республика сарайына дейін жалғасады. Алауды танымал спортшылар, ЖОО ректорлары   алып жүретін болады. Олардың FISU президенті Олег Матыцин, Қазақстан студенттер арасындағы ұлттық спорт қауымдастығының президенті Қайрат Закирьянов, боксшы Қанат Ислам, футзалшы Дінмухамбет Сүлейменов, альпинистшы Мақсұт Жұмаев және т.б.

Алматыдан соң  алау  эстафетасын  Қытай Халық  Республикасы қабылдайды. Ол кезең 26-ші қыркүйек күні 2009  жылы өткен  XXVI-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың астанасы Харбинда  болады.

Қыркүйектің 29-ы күні алау эстафетасының Ресейдегі кезеңі басталып, сол елдің 30 ірі қалалалары эстафетаны қабылдайды. Спорттық шара 2019 жылы наурыздың 1-і дейін жалғасып,  студенттер  ойындарының   астанасы Красноярскте аяқталады.

Бұл Универсиадаға әлемнің 50 елінен спортшылар қатысады деп күтілуде.  Студенттер  11 спорт түрінен 76 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олар биатлон, шорт-трек, керлинг, таушаңғы спорты, шаңғы жарысы, сноуборд, шаңғымен спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, хоккей, допты хоккей, және фристайл спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды.

Универсиада – бұл жастар Олимпиадасының ұқсастығы. Бүкіләлемдік студенттік спорттық ойындар немесе Универсиада 50 жылдан астам уақыт өткізіліп, халықаралық кешенді спорттық жарыстарының арасында екінші дәрежеде тұрған шара болып саналады. Ол ойындар FISU қолдауымен өткізіліп тұрады. Ең алғашқы ойындар 1959-ші жылы жазда Туринде (Италия) өткен болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру