Волейбол 18 Қыркүйек, 2018 (0) (248)

Қазақстан қыздар құрамасы Азия кубогында үшінші рет жеңілді

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландта өтіп жатқан Азия кубогында жеңістің дәмін сезе алар емес деп жазады Аlaman.kz тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Волейболшы қыздарымыз қатарынан үш ойында жеңіліс тапты. Осыған дейін Иран және Аустралияға жол берген отандастарымыз бүгін Филиппин спортшыларына есе жіберді. Есеп 22:25, 23:25, 25:20, 17:25. Бірақ, бұл турнирге біздің құраманың екінші құраммен қатысып жатқанын айта кетуіміз керек.

Айта кетейік, Қазақстанның негізгі құрамасы қазір Жапонияда жиын өткізіп жатыр. Ұлттық құрама 30 қыркүйекте әлем чемпионатына қатысады.

Сурет: Volley.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру