Alaman Ақпарат 18 Қыркүйек, 2018 (0) (228)

Медеуде дәстүрлі «Баспалдақ» жарысы өтеді

Қыркүйектің 23-і күні «Медеу» шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Баспалдақ-2018» бұқаралық жүгіру жарысы өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарысқа 7 жастан асқан кез келген әуесқойлар, сонымен қатар, медициналық рұқсат қағазымен отбасылық командалар қатыса алады. Ең жас және ересек спортшылар (7-12 жас аралығындағы балалар және 60-тен асқандар) 100 баспалдақты бағындыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, қатысушылар 100, 200, 300, 500 және 841 баспалдақпен жүгіруден бақ сынайды.

Қатысу тегін. Тіркелу сол жерде сағат 08:00-ден басталады. Спорттық шара салтанатты ашылу рәсімінен кейін сағат 10:15-те басталып, әр жас санаты бойынша 10-15 адамнан белгілі бір уақытта жіберіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үздік нәтижелер бойынша, барлық жас ерекшеліктеріне байланысты анықтылатын болады. Олар медал және дипломдармен марапатталады, ал белсенді қатысушыларға жарыс ұйымдастырушылары мен серіктестері атынан сыйлықтар табысталады.

Аталмыш спорттық шара бұқаралық спорттың дамуына бағытталған «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында өтеді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру