Сұхбат 18 Қыркүйек, 2018 (0) (64)

Ольга Танкина: «Алматы» командасына Қазақстан чемпионы атағын қайтару керек

Танымал гандболшы Ольга Танкина, «Алматы» клубы сапында бірнеше дүркін Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. Ол Индонезияда өткен Азия ойындарынан алған әсерімен бөлісіп, өзінің осы маусымнан не күтетіндігін айтып берді,

«Алдағы басталатын жаңа маусымда біздің клуб Қазақстан чемпионы атағын қайтаруға тырысады. Өкінішке қарай, алдыңғы біріншілікте біз үшінші орын алып қалдық. Біздің қарсыластарымыз Қызылорда мен Астана ойыншылары алға шығып кеткен еді. Оның алдында біз үш жыл бойы ел чемпионатында чемпион болдық. Бір жағынан ол Қазақстан чемпионатында бәсекелестіктің бар екендігін айқындайды, жай ойындар деген жоқ, барлығына тиянақты дайындалу қажет. «Алматының» осы жолғы мақсаты – бірінші орын алу, ол үшін біз бар күшімізді саламыз! Былтырғы жеңімпаз бен екінші орын алған қарсыластарымызда осындай мақсатты көздеп отыр, бір сөзбен айтқанда, чемпионат қызықты болайын деп тұр. Бәсекелестіктің болғаны жақсы», - дейді Ольга.

Ольга Танкина өз сөзінде жақында өткен Азия ойындары жайлы айтып берді. Біздің ұлттық құрама бұл додада жүлдесіз қалған болатын. Оның айтыунша Қазақстан ұлттық құрамасының 2020 жылы Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін Олимпиадаға жолдама алу үшін бар мүмкіндігі бар.

«Әрине, біздің Азия ойындарында жүлдесіз қайтқанымыз өкіншіті жағдай. Меніңше, бұл жерде психологиялық фактор өз ықпалын тигізген секілді. Біз Қытай құрамасымен болатын ойынға жақсы дайындалып, оларды ұттық, бірақ сол кездесуде бар күшімізді жұмсап қойдық. Оңтүстік Кореяға қарсы да жақсы ойын көрсеттік. Алайда, ұтылып қалсақ та чемпиондарға лайықты қарсылас бола білдік. Бір өкінішсті Солтүстік Кореяда шешуші матчта есе жіберіп қойдық. Бірақ шеберлік жағынан біз мықты болдық деп айта аламын. Бұл ойында біздің өзімізге тым сенімдігіміз кедергі болды деп ойлаймын. Осы жеңіліс бізді қола медальдан айырды. Өзіміз жүлделі ораламыз деп сеніп едік. Өзіміздің қателерімізді түзеп, ары қарай дайындалып, басқа да жарыстарды ұтуға тырысамыз. Келесі жылы бізді құрылықтық біріншілік күтіп тұр, онда Олимпиадға жолдама ойнатылатын болады. Осыған жақсы

дайындықпен баруымыз керек. Ұлттық құраманың сапында басым бөлігі «Алматы» ойыншылары - 9 адам. Сондықтан біз бірнеше міндетті орындауымыз керек. Біріншіден өз чемпионатымызды ұтып, екіншіден бір-біріміздің ойынымызды түсінісіп, нәтиже шығару қажет. Сонда біз Қазақстанның атын әлемдік додаларда абыроймен қорғап шығамыз. Сондай-ақ, әлемдік командалармен тәжірибе алмастыру үшін жолдастық кездесулер жиі болып тұрса жақсы болар еді», - деді Танкина.

Айта кетер жайт, Қазақстан чемпионатының суперлигасында 5 ұжым өнер көрсетсе, екінші дивизионында 12 клуб бақ сынасады

                                                                                                 

 

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру