Бокс 18 Қыркүйек, 2018 (0) (153)

Almaty Arena SK Boxing жүлдесінің басты алаңына айналады

Almaty Аrena көпфункционалды спорт кешенінде SK Boxing клубында айналысып жүрген спортшылардың арасында бокстан жарыс өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  

Осы турнир бақылаушысы, белгілі промоутер Болат Манкеновтың айтуынша осындай жарыстар Almaty Arena-да бірнеше рет өткізілген.  

«Бұл турнир осымен биыл төртінші рет өткізілуде. Біздің барлық жарыстар Almaty Arena-да ұйымдастырылады. Бұл жер өте кең, таза әрі жарысқа арналған барлық құралдармен жабдықталған, ерлер мен әйелдерге арналған шешінетін орындарда бар, - дейді Манкенов.  

Осы жарысқа келген жанкүйерлер әр салмақ дәрежесінде айқасқа шыққан жастардың қызықты әрі жоғары дәрежедегі өнерлерін көруге мүмкіндік алды.

«Осы жылы бұл додаға әр түрлі жастағы қатысушылар келіп, сондай-ақ, 40-тан асқандар да бар. Бізге қатысып жатқандардың көбісі жас кездерінде белгілі себептермен жарыстарға қатысуға мүмкіндіктері болмаған. Сондықтан, біз оларға өз күштерін сынап көруге осындай мүмкіндік сыйлап отырмыз.  

Өздеріңіз көргендей барлық кездесулер өте әсерлі, қызу болды. Ешкім ұтылғысы келмей, өз өнерлерін ортаға салды. SK Boxing клубы біздің алып шаһардың тұрғындары мен қонақтары арасында жақсы дамып келеді. Бізде қазір бокспен 500-ден астам әр жастағы спортшылар тұрақты түрде айналысады. Үнемі дайындалып қана жүрмей арасында осындай турнирлер ұйымдастырып тұру кажет. Сол үшін біз оларға ақшалай және бағалы сыйлықтар табыстаймыз», - деді Болат Манкенов.  

Айта кетер жайт, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін танымал кәсіби боксшылар Мадияр Ашкеев пен Ернар Ещенов марапаттады.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру