Хоккей 18 Қыркүйек, 2018 (0) (265)

Halyk Arenaда хоккей маусымы ашылды


Halyk Arena  мұз кешенінде  екі күн бойы шайбалы хоккейден «Алматы» ерлер хоккей командасының Қазақстан чемпионатыдағы ойындары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алматы командасы өз алаңындағы алғашқы кездесуді ел біріншілігінің  үш мәрте чемпиондары «Бейбарыс» ХК жұптық матчтарымен бастады. Алматыдағы үлкен хоккей маусымының ашылу салтанатында алып шаҺардың  Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов өз әсерлерімен бөлісті.

«Алматыдағы хоккейдің жақсы дәстүрі бар. Бұл серпінді және әсерлі спорт түрінің  жанкүйерлер армиясы көп, сондықтан, бірінші кезекте, қаламыздағы хоккей жанкүйерлерін 2018/19 хоккей маусымының басталуымен құттықтаймын. Хоккей жанкүйерлері үшін басты міндет –  ойыннан шынайы рахат алу. Осы маусымның барлық командалары қызықты хоккей көрсетіп, өз жанкүйерлерін қуантады деп сенемін», - деді Рүстем Сәлімұлы.

15 және 16 қыркүйекте Halyk Arena мұз кешені трибуналары толы болды, еліміздің Ашық Чемпионатының жоғарғы лигасының ойындарын хоккей жанкүйерлері сағынып қалғаны орынды - маусым енді басталды.

Өкінішке орай, «Алматы» ХК  Атырау хоккейшілерінен жеңіліс тапты. Алғашқы матчта командалар көрермендерді соққан шайбалалар санымен қуантты. «Алматы» хоккейшілері титулды қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті, тіпті өз ойындарын жүргізе білді, бірақ есеп тақтасындағы соңғы ұпай атыраулықтардың пайдасына шешілді - 3: 5 (1: 2 1: 1 1: 2).

Екінші ойынның да  нәтижесі қонақтардың пайдасына шешілді. Финалдық есеп 0:2 (0:0 0:1 0:1).

«Алматы» ХК келесі матчтарын өз алаңында қазіргі ел чемпионадры көкшетаулық «Арлан» ХК-мен өткізетін болады. Кездесулер 21 және 22 қыркүйек аралығында Halyk Arena мұз  кешенінде өтеді.

Айта кетер жайт, Қазақстан чемпионатына 10 команда қатысады. Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған 8 команда, келесі үшінші кезеңге өтеді. Ол кезеңде ұтылған командалар «жарыстан шығып қалады», ал, ұтқан командалар жарысты жалғастырып, өзара Қазақстан чемпиондығын сарапқа салады.

Естеріңізге сала кетейік,  «Алматы» ХК өз алаңы - Halyk Arena мұз кешеніндегі  ойындары барлық жұмыс күндері 19:00-де, ресми және мерекелік күндерде ойындар 17:00-де басталады.

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру