Alaman Ақпарат 17 Қыркүйек, 2018 (0) (136)

Каратэші Данияр Юлдашев Берлиндегі премьер-лигада күміс медаль иеленді

Германия астанасы Берлинде каратэден Premier League Berlin 2018 халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Alaman.kz тілшісі ҚР ҰОК порталына сілтеме жасап.  

84 келі салмақта Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Данияр Юлдашев Берлин төрінде өз мықтылығын тағы да дəлелдеді. Юлдашев кіл мықтылармен айқасып, финалда əлем чемпионы, рейтингте бірінші орында тұрған жапониялық Рютаро Арагодан ұтылды. Финалға барар жолда Данияр 5 айналымнан өтті. Ол əлем чемпионы, рейтингте алтыншы сатыда тұрған ирандық Забиулла Пуршабты, рейтингте үздік үштікке енетін түркиялық Угур Ақтасты жеңді.

Сондай-ақ, 60 келідегі Алпысбай Қайсар мен Дархан Асаділов 5-6 орынды бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру